АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен әңгіме барысында одан неге Киев Мәскеуге шабуыл жасамайтынын сұраған. Мұндай ақпаратты The Washington Post газеті аты-жөні аталмаған дереккөзге сүйеніп хабарлады. Басылым әңгіме барысында Трамп Украина Мәскеуге ғана емес, оған қоса Санкт-Петербургке де шабуылдап, Ресей президенті Владимир Путинге қысым жасауы керек деген деп жазды.
Зеленский Трампқа Мәскеуге ондай шабуыл жасау үшін АҚШ Украинаға тиісті қару-жарақ беруі қажет екенін айтып жауап қатқан деп жазылған мақалада. Басылым Трамп Украинаға Tomahawk қанатты зымырандарын жеткізу мүмкіндігін қарастырған дейді. Сонымен қатар, оның Украинаға америкалық ATACMS зымырандарын Ресейдің ішкі аумағына шабуыл жасауға пайдалануға рұқсат беруге мүмкіндігі бар деп жазды газет. Ол зымыран 300 шақырым қашыққа дейін жете алады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Путинмен әңгімеден "ешнәрсе өнбегенін" айттыTomahawk зымырандары Украина аумағынан Мәскеу мен Петербургке дейін жете алады. Бұл мәселе өткен аптада талқыланғаны айтылып отыр. Бұған дейін Axios басылымы дереккөздерге сүйеніп, Вашингтон алысқа ұшатын зымырандарды беруге дайын деп жазған еді.
Киевке Tomahawk зымырандары берілетіні жайлы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Washington Post деректеріне сәйкес, ол мәселе кейінге қалған. Трамп оған кейінірек қайта оралуы мүмкін. Ақ үй бұл ақпарат жайлы ешқандай түсініктеме бермеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Иранды қолдап пікір жазған Медведевтің есіне ядролық сүңгуір қайықтарды салдыУкраина бұған дейін Ресейдің Мәскеу қаласы мен Ленинград облысына қашықтан дрондармен бірнеше рет шабуыл жасаған. Алайда қанатты зымыран дронға қарағанда әлдеқайда көп жарылғыш зат алып ұша алады, нысанаға да дәл түседі және оларды әуеден атып түсіру қиынырақ. Мәскеу Батыс елдері Украинаға алыстағы нысанаға жететін қару түрлерін беретін болса, ол қарулы жанжалды тіпті шиеленістіре түседі деп бірнеше рет мәлімдеген. Алайда Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда кең ауқымды басқыншылық соғысын бастаған алғашқы күннен Украинаға қарсы шабуылдарға тура Tomahawk сияқты қанатты зымырандарды қолданып келеді.
Дүйсенбі күні Дональд Трамп АҚШ президенті лауазымына қайта кіріскен уақыттан бері алғаш рет, өзіне дейінгі президент Джо Байден әкімшілігі бекітпеген қару-жарақ партиялары Украинаға жеткізілетінін жариялады. Трамп Ресейге жаздың аяғына дейін Украинамен бітімге келу жайлы талап қойып, егер ол орындалмаған жағдайда Ресей мен одан энергия өнімдерін сатып алып отырған елдерге санкция салынатынын ескертті (қазіргі кезде Ресейдің негізгі экспорт нарықтары — Қытай, Үндістан және Словакия).
Your browser doesn’t support HTML5
Трамптың «50 күні», Кремльдің жауабы, дрон шабуылы – Соғыстағы ахуал | 15.07.2025