БҰҰ: Украинада маусым айында 232 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі бақылау миссиясы Украинада маусым айында бейбіт тұрғындар арасында болған адам шығыны мен зардап шеккендер жайлы шолуын жариялады. Бұл деректерге сәйкес, аталған айда Украинада кемінде 232 бейбіт тұрғын қаза тауып, 1343 адам жараланған.

Маусым айында 1575 бейбіт тұрғын қаза тапқан не жараланған, бұл 2022 жылғы сәуірден бері бір айда тіркелген ең көп көрсеткіш. Бір ай ішінде мұншама көп адам шығыны бұған дейін бір жылдай бұрын болған еді.

БҰҰ шолуында биыл маусым айында украин қалаларындағы тұрғын аудандарға зымырандар және дрондармен қашықтан жасалған шабуылдар азаматтық шығындардың негізгі себебі болғаны айтылған – барлық қаза тапқандардың 53% солар. Бұған қоса маусым айында Ресей күштері Украина аумағын нысанаға алып жіберген зымырандар мен ұшқышсыз жарылғыш құрылғылар саны 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда он еседен артық көбейгені атап көрсетілген.

  • Алдыңғы шепке жақын орналасқан аймақтарда тұратын бейбіт халық арасында, әсіресе Херсон және Донецк облыстарында адам шығыны көп болып отыр, бұл ең алдымен, қысқа қашықтыққа дронмен жасалған шабуылдардың салдары.
  • Жараланғандардың басым көпшілігі (98%) Украина бақылауындағы аумақтарда тіркелген. Елдің 16 аймағында бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны болған.
  • Маусым айында энергетика инфрақұрылымы нысандарына жасалған шабуылдар: Украина бақылауындағы аумақтарда кемінде 13 шабуыл, ал Ресей Федерациясы басып алған аумақтарда 7 шабуыл тіркелген. Херсон облысында маусымның 11-і мен 27-і күндері энергетика нысандарына жасалған шабуылдар салдарынан үлкен аумақта электр қуатын өшіруге және жоспарлы ажырату кестесін енгізуге мәжбүр болған.

Your browser doesn’t support HTML5

Киевтегі әуе дабылы, метроға тығылған жұрт, Путин мен Трамп